Бірінші қыркүйектен бастап "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері мен бірінші топтағы мүгедектігі бар жандар қоғамдық көлікте тегін жүретін болады. Бұл мүмкіндік бұрынғы "Батыр ана" мен І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденінің иегерлеріне де қарастырылып отыр. Бұған қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс VI сессиясында қаржы қаралды.