#qyzylordatv

Үшінші қалалық емханада ашық есік күні өтті. Оның тиімді тұсы – медициналық нысанға келушілер алдын ала тіркеусіз-ақ өзіне ыңғайлы уақытта мамандардың қызметіне жүгінді.

 Аталған іс-шара аясында тұрғындардың қандағы қант мөлшері мен холестерин деңгейі тексеріліп, бой мен салмақ сәйкестігі анықталды, жедел тесттер өткізу мүмкіндігі жасалды. Сондай-ақ мамандар тарапынан кеңес берілді. Мәселен, қазіргі таңда қауіпті аурулардың алдын алудың тиімді құралы - вакцинация, - дейді мамандар. Кезекті ашық есік күні мамырдың оны күні ұйымдастырылмақ.

 ЛӘЙЛӘ АХМЕТ – 3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // Ашық есік күнінің мақсаты медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру. Профилактикалық тексеруден өтуге болады, скрининг тексеруден өткізіледі. Тар буынды мамандардың кеңесін алуға болады. Аймақтық дәрігерлердің қабылдауына жазылуға болады.