#qyzylordatv

 55 те 47 әскери бөлімінде Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай «Мен өз Отанымның қорғаушысымын!» атты әскери-патриоттық сайыс өтті. Сарбаздардың күш-жігері сыналған іс-шарадан тілші бейнематериалы.

Саптағы сарбазға рух беретін әнмен басталған іс-шара ә- дегеннен қызықты әрі тартысты өтті. 6 команда байқаудың бес кезеңінде өзара мықтыны анықтады.

 МЕДЕТ ЖОРАБЕК - ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Жаплпы бұл дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан шаралардың бірі ертінде айтуға болады. Сарбаздардың сұранысына сәйкес сыйлықтар әкеліп отырмыз. Яғни, әскери қызмет барысындағы қажеттіліктер бойынша. Бұл шараның негізгі мақсаты жас ұрпақтың бойында отансүйгіштікті, жалпы патриоттық сезімдерді арттыру».

 Арқан тарту, 1 шақырым қашықтықта жүгіру мен қару-жарақ жинау секілді кезеңдерде сарбаздар ептілігін көрсетті.

ЖАНДОС ЖҰМАМҰРАТ - 5547 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ НҰСҚАУШЫСЫ «Бұл сайыста 6 команда бар. 1-батальоннан 2 команда, жеке атқыштар ротасынан 1 команда, 2-батольоннан 2 команда. Жастар орталығына үлкен алғысымызды білдіреміз, осындай сыйлықтарымен келіп, бізді жігерлендіріп, сарбаздарымызды. Осы мейрамда бізді құттықтап келіп жатқандарыңызға рақмет».

 НҰРБОЛ БИДӘУЛЕТ - ЖАС САРБАЗ

«Елің үшін жерің үшін барыңда,

Қасық қаның қалғанынша дамылда.

Тепсе темір үзетін, сарбазыңнан,

Айналғайсың, халқым менің дара туған.

Қазағымның әскері - Ұлттық ұлан

Сарбаздары өр намастан жаратылған.

Құрметті Қазақстан жастары сіздерді әскери борыштарыңызды өтеуге Ұлттық Ұланға шақырамын. Мереке құтты болсын»!

 ГҮЛАЙ АШЕКОВА –ТІЛШІ: «Бұл жәй ғана әскери киім емес, бұл намыс пен тәртіптің, Отанға деген адалдық киімі. Ал өткізіліп жатқан бұл шара жәй жарыс емес, болашақ ел қорғандарының алғашқы қадамы. Себебі бүгін сапта тұрған сарбаздар, ертең елдің үмітін арқалайды».