Қызылорда облысы құрылыс саласы бойынша өзге өңірлерден көш ілгері келеді. Аймақта бюджет қаржысынан бөлек, инвесторлар есебінен бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Құрылыс және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңесте саланы дамыту жайы кеңінен талқыланып, мамандар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облысы елімізде құрылысы қарқын алған аймақ қатарында. Биыл облыс көлемінде барлығы 4108 пәтерді құрайтын 300 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде білім ошақтар еңсе тіктеп жатыр. Аймақта ерекше атап өтетін жайт, үш ауысымдық мектептердің мәселесі де оңтайлы жолмен шешілуде. Мәселен, облыс орталығында биыл 4 іргелі мектептің жанынан 2000 орынға арналған қосымша ғимараттар салынды.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ

//Бұл біріншіден балаларымыздың мектепке қатынауына жақын. Әрі ыңғайлы. Әрі бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі нарықтық бағамен есептегенде 1 мектепке орта есеппен 3 млрд теңге кетеді. Ал жоғарыда аталған қосымша құрылысқа 700 млн теңге ғана шығын кеткен.//

Білім саласынан бөлек, медициналық нысандар мен мәдениет кешендері де бой көтеруде. Сондай-ақ, тәуелсіз ел тарихында тұңғыш рет инвестор қаржысы есебінен жылу-электр орталығы салынып жатыр. Жол-құрылысы, инфрақұрылым желілерін жаңғырту бағытында да ауқымды жобалар қолға алынған. Алқалы жиында Сырдағы серпінді жобалар өзге өңірлерге үлгі есебінде көрсетілді. Кеңесте Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин құрылыс саласына қатысты өзгерістерге тоқталды. Вице-министр бұдан былай мемлекеттік сараптамадан өтпеген компанияларға құрылыс салуға рұқсат берілмейтінін айтты.

ТИМУР ҚАРАҒОЙШИН – ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ

// Заңға еніп реестр күшіне енгенде 1 қаңтарда. Сонда 300 компаниядан 140 қалды. 80-дей жобалаушыдан 20-30 қалды. Тех.қадағалаушылардан акредитациядан өткен орталықтардан лицензия алып алған 70-тен 20 қалды. Бәрі лицензиясы бар. Е-құрылыспен тексерсек адамдары жоқ.//