Аймақтың ауыл шаруашылығы саласында барлық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасып отыр. Мәселен он айда 40 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі шет елдерге экспортталған. Бұл туралы 10 айды қорытындылаған облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы мәлімдеді.

ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

//Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 21 елге 22 миллион доллардың 40 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған. Барлық экспортталған өнімнің 84 пайызы күріш. Күрішіміз Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Грузия, Моңғолия, Ирак елдеріне экспортталады.//

Аймақтың ауыл шаруашылығы саласын дамытуға биыл 18,5 миллиард теңге бөлінген. «Қамбаға 500 мың тоннадан астам Сыр салысы құйылды. Мал басының өсу үрдісі сақталып, ет пен сүт өндіру көлемі де артты. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру мақсатында өзге облыстардың шаруа қожалықтарымен азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізу бойынша келісім-шарттар жасалған» - дейді аймақтың бас агрономы.

Айта кетейік, жыл басынан бері өзге мақсатта пайдаланылған немесе заң талаптарын бұзған жалпы ауданы 207 мың гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 168 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.