Облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті ІІІ пленумы өтті. Жиында кеңес төрағасы өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, алдағы жоспармен бөлісті. Ардагерлер тарапынан облыс әкімінің назарына бірнеше ұсыныс айтылды.

Бүгінде облыс бойынша 80 мыңнан астам зейнеткер болса, олардың 12290-ы бастауыш ұйымға тіркелмеген. Ардагерлер кеңесі осы жұмысты қолға алмақ. Яғни, ешқандай қария елеусіз қалмау керек. Өңірде сондай-ақ «Іскерлік және жанашырлық» пилоттық бағдарламасы жүзеге асады. Жобаның мақсаты жалғызбасты, асыраушысынан айырылған және мүгедек ардагерлерге материалдық қолдау көрсету.

СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ \Осыған орай аудан, қала ардагерлер ұйымдары өмір сүру деңгейі төмен зейнеткерлерге кәсіпкерлер тарапынан қолдау көрсету бағытында жұмысты жандандыру қажет. Мұның мерзімі 1 маусымға дейін. Биыл сонымен қатар 150 зейнеткерге демеушілер есебінен шипажайға жолдама беріледі\

Аймақ ардагерлері мұнан бөлек еліміздегі тарихи мәдени орындарға барады. Бұл да кәсіпкерлер тарапынан жүзеге аспақ. Пленум отырысында зейнеткерлерге қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру мәселесі де көтерілді.

СНХ: СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ \Қазіргі таңда есеп қисаптарын шығарып жатыр. Зерделеу аяқталғаннан кейін ол мәслихаттың шешімімен іске асатын дүние....\

Жиынға қатысқан облыс әкімі өңірдің өсіп өркендеуіне үлес қосқан ел ағаларына алғаусыз алғысын жеткізді. Облыс тарихында ерекше орын алатын тұлғаларды еске алу олардың өнегелі өмірі мен еңбек жолын ұлықтау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілетіндігін айтты.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ \Біз әрқайсысыңыздың еңбегіңізді бағалаймыз. Ардагерлеріміздің зейнет жасына жеткенде қоғамнан жырақ қалмай, бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндіктер жасау азаматтық парызымыз деп санаймын...\

Пленум соңында түрлі салада еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлерге құрмет көрсетілді.