Аймаққа кризистік орталық қажет. Өйткені, өңірде былтырдың өзінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 3008 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Десе де, қадағалушы орган бұл статистика нақты картинаның көрсеткіші емес дейді.

Сарапшылар есебінше, әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Жайсыз жайттың жиілеуіне жұмыссыздық, әлеуметтік жағдай мен алкогольдік ішімдік себеп. Бұл ретте полиция қызметкерлерінің де кемшілік жібергені анықталып отыр. Мәселен, масаң күйде 76 рет жауаптылыққа тартылған тұлғаға ешқандай емдеу шаралары қолданылмаған. Сондай-ақ, шаңырақ шырқын бұзғандар жеңіл жазаға тартылған. Осындай олқылықтардың салдарынан ана мен бала жәбір көріп келеді. Тіпті, отбасылық агрессор бір жыл ішінде 107 рет құқық бұзушылық жасаған. Сондықтан қадағалаушы орган өкілдері аймаққа мамандандырылған крезистік орталық қажет дейді. Өйткені, бұған дейін мұндай шаралармен тек қоғамдық ұйымдар ғана айналысып келген.

БАУЫРЖАН ТОҚМЫРЗА – ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ // Қиын жағдайға душар болған оңалту бағытында арнайы мамандандырылған мемлекеттік крезистік орталық ашуды ұсынамыз. Ең бірінші орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған адамдарды, әсіресе, әйелдер мен балаларды оңалтуға бағыттау қажет.