Сыр өңірінің балаларына жасалған жағдай технократтыққа дайындаудың көрінісі. «Сыр жұлдыздары» шығармашылық академиясында болған Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев осылай деді. Белгілі академик шығармашылық орталықта шәкірттер үшін ғылымға бейімдеудің барлық жолы қарастырылған деп санайды.
Ал Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Қайырбек Кемеңгер «Сыр топырағы Ұлт театры ұйымдастырылған мекен» деп біледі. «Бүгінде шаһардың жаңа келбетін айшықтайтын сәулетті ғимараттардың салынуы осыдан бір ғасыр бұрын басталған қазақ тарихымен сабақтас» дейді ғалым.