Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасының VIII шақырылымындағы облыстық мәслихат төрағаларымен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы жергілікті өкілді органмен бірлесіп атқарған жұмыстарға тоқталып, мерейтойға арнайы келген делегация мүшелеріне алғыс білдірді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында облыстық мәслихаттар экономиканы әртараптандыру, ел дамуының жаңа бағыттарын айқындауға белсене атсалысты. Ең бастысы, сайлаушылардың болашаққа деген сенімін арттырды.

 Саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде жергілікті мәслихат қызметінің рөлі ерекше. Президент бастамасымен 2022 жылдан бері өткен бес ірі саяси науқанда жергілікті мәслихат депутаттары белсенді жұмыс жасағанын ерекше атап өтуіміз қажет», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

 Облыстық мәслихатпен бірлесіп атқарған жүйелі жұмыстың арқасында Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша республикада алдыңғы қатардан көрініп келеді. Кездесуде «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашов және өзге де өңірлерден келген делегаттар өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында мәслихат төрағаларына Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толуына орай шығарылған естелік сыйлықтар табысталды.