Жаңақорған ауданында журналистика саласының майталманы Бибігүл Мәтенованың атына көше берілді. Болмысынан бекзаттық байқалатын оны жалпақ жұрт «Би Апа» деп атады. Үнжария арқылы ұлттық рухты оятқан ол талай жастың шамын жағып, жаңа өмірге жол сілтеді. Биыл көзі тірі болғанда Бибігүлмәтенова 76 жасқа толар еді.
Сырдың сырбаз қызы еңбек жолын Бірлік мектебінде ұстаздықтаған бастаған. Кейін қарт Қаратаудан қанатын қомдап, білімнің қара шаңырағы КазГУ-дың журналистика факультетінің түлегі атанды. Жоғары оқу орнын аяқтап, Қазақ радиосының шетелге хабар тарататын редакциясында еңбек етті.
МҰРАТ ТІЛЕУІМБЕТОВ – АУДАН ӘКІМІ //Б.Мәтенова радиожурналистика саласында өшпестей із қалдырған, ө¬нер, мәдениет, ағарту саласына шығармашылық үлес қосқан қазақтың аяулы қызы. Апамыз туралы айтатын естеліктер көп. Апамыздың өнегелі өмір жолы мен жазған очерктері, талдау мақалалары, радио репортаждары ел есінде мәңгі сақталады.
СӘПИЯ ЖІГІТОВА – ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ //Бибігүл осы мектептің тұтқасы десек болады. Сол жылы 10 қызметкер орналастық жаңадан жұмысқа. Солардың жүруін-тұруын қайда баруын, қайда келуін барлығын үйреткен тәлімгер болған. Солардың тәжірибесін өз тәжірибесін соларға еккен Бибігүл болатын.
Бибігүл Мәтенова кеңестік кезеңде ұлт рухын асқақтатар мазмұнды хабарлар әзірледі. Алғашқылардың бірі болып Ауғанстан, Қытай, Иран, Пәкістан тіпті, Австралиядағы қазақтарға радиохабарларды үздіксіз ұйымдастырады. Сол арқылы шетте жүрген ағайын елге деген сағынышын жеткізіп, мауқын басты.
ЖАНТӨРЕ МАШАЙҰЛЫ – АУДАН ТҰРҒЫНЫ // Бөріойнақ елді мекенінде талай тұлғалар өсіп-өнген. Соның жолын қуып Бибігүл апамыз да жарқырап жас кезінен өзінің қабілетімен белсенділік танытып, қазақтың үнжариясында қызмет жасады. Қабілеттілігімен көріне білген азаматша еді.
Осынау іргелі жобалардың ұйытқысы небәрі 41 жасында өмірден озды. Ендігі міндет майталман маманның есімін дәріптеп, оның жарқын бейнесін ұрпақ жадында жаңғырту.