#qyzylordatv
Облыс орталығында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай» операсының премьерасы өтті. Классикалық туындыны облыстық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен филармония ұжымы қойды.
Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы қазақ өнеріндегі қайталанбас туындылардың бірі. Заманының ғұламасы болған дара тұлға арқылы сол кезеңдегі жаман мен жақсының аражігі мен көшпелі халықтың философиясын паш ететін тағылым бар. Ерекше классика кешін халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Рустам Рысмағамбетовтің дирижерлік етуімен облыстық симфония оркестрі сүйемелдеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе.
МҮСІЛІМ ӘМЗЕ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Бұл опера бұған дейін 5 жыл бұрын Абайдың 175 жылдығы аясында қойылған Н.Бекежанов атындағы театрда бірақ бүгінгі нұсқамен екеуінің арасында айырмашылық бар ол кезде қысқарған жерлері болатын, қазір қысқарған жерлердің бәрін ашып толық нұсқасын қойып отырмыз Алан Бөрібаевтың редакциясында. Енді бұндай үлкен картиналар біздің сахнада қойылғаны өте қуанышты жағдай. Себебі, ол біздің кез келген әртіске оркестрге болсын, әншілерге болсын, қор ұжымына болсын ол бір тәжірибе деп есептейміз. Себебі, бұл опера 1944 жылы қойылды ең алғашқы дирижерлардың бірі Леонид Матвэй Шогорсдкий деген кісі өткізген. Одан бері қарай бүкіл опера театрларының репертуарында берік орын алған қазіргі таңда шетелде Германия елінде де қойылды бұл опера. Сондықтан біз үшін үлкен жетістік деп есептеймін.//
Абай тақырыбын арқау еткен бұл туынды - қазақ опера өнерінің алтын қазынасы. Ерекшелігі сол, қойылымда облыстық симфония оркестрі, Аралас хор ұжымы, «Томирис», Айару би ансамблдері, филармония солистері, «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы толық құрамда өнер көрсетті.
МАҒЖАН АМАНЖОЛОВ – АКАДЕМИЯЛЫҚ ӘН САЛУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ //Бұл операның ең қиыншылығы халық арасындағы болып жатқан дүрдалаң, ұрыс-керіс, айқай осының бәрін халыққа жеткізу,шешу. Абайдың негізгі мақсаты – екі халықтың достастығын қалпына келтіру сол жөнінде жасалған проекті бұл.Негізгі бұның мақсаты – елімізде болып жатқан қаншама жақсы жағынан да, жаман жағынан да болып жатқан нәрселердің шешімі деп айтсақ болады. Абай атамызды сомдау ең қиыншылығы бұл рөлді алып шығу қиынның қиыны десем болады.Абайдың жасы ең үлкен шағында болған дүние ғой бұл. Сол нәрсені бейнелеу маған өте қиын болды. Біз оған енді жаспыз ғой бейнелеуге. Абайдың әрбір сөзін оқу, әрбір қарасөздерін, нақылсөздерін жаттау оның ішінде операның бір музыкасын жаттау үлкен қиындық тудырады. Алдағы жоспарымыз енді басқа да Алматы, Астана сынды оперның театрларға барып осы өнерімізді әрі мен қарай дамыту, халыққа кеңінен көрсету, насихаттау, жастарды осы нәрсеге шақыру.//
Ал операның қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі Әзиза Іздіқұлова. Ұлттық рухты оятатын қойылымды дайындау оңай болған жоқ дейді.
ӘЗИЗА ІЗДІҚҰЛОВА – ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ РЕЖИССЕРІ // Өйткені, бұл филармония опералық театр емес дегенмен біздің орындаушыларымыздың осы операны ойнап шығуға мүмкіндіктері бар екенін біріншіден көрсеткім келді, екіншіден біздің әртістеріміз үшін үлкен тәжірибе. Өйткені, осындай ең кемі 10-12-13-17 жылға шейін осы музыкалық білімін дамытқан үлкен оқуларды аяқтаған адамдарға бұндай мүмкіндіктер жасалыну керек міндетті түрде. Олар бұдан өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыра түседі, осы орайда біз үшін үлкен ұтымды шаруа және өте жауапкершілікті жұмыс. Өйткені, бұның артында үлкен тыным таппай жасалынған еңбек жатыр.
Жергілікті өнерпаздар күрделі операны асқан шеберлікпен орындап, көрермен қошеметіне бөленді.
Бір сөзбен айтқанда, Сыр өңіріндегі премьера қазақ халқының сан қырлы мәдениетін жақыннан тануға мүмкіндік берген үлкен жаңалық болды. Оны кеш соңындағы қалың жұртшылықтың құрмет-қошеметінен аңғару қиын емес.