#qyzylordatv

Облыс аумағында бір күнде 6 мас жүргізуші ұсталды. Бұл кеше болған жағдай. Ал, бүгін тәртіп сақшылары спирттік ішімдік ішіп, рулге отырған тағы бір жүргізушіні тоқтатты. Бұл заң бұзушылықтар «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталып отыр.

 Түнгі 12:15 шамасында полиция қызметкерлері Бөкейхан-Мұратбаев көшелерінің қиылысында лексус маркалы автокөліктің жүрісіне күдік келтіріп, тоқтатқан. Тексеру барысында 40 жастағы жүргізушінің ішімдік ішкені белгілі болды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот шешімімен жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

 «Қауіпті жүргізуші» іс-шарасы басталғалы 7 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған үшін жауапқа тартылды. Оның үшеуі қала аумағында болса, қалған төртеуі Шиелі ауданында тіркелген.