#qyzylordatv
Өңірде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 766,7 мың шаршы метрге жетіп, көрсеткіш 110 пайызға орындалды. Жалпы жыл соңына дейін қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев 10 айда атқарылған жұмыстарды баяндады.
ЕРЛАН ТӨРӘЛИЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Биыл біз жалпы 96 нысан құрылысын жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде білім саласы 11 нысан, денсаулық сақтау бойынша 9 нысан, мәдениет - 6, спорт - 8, мемлекеттік органдар - 3, тұрғын үй құрылысы - 15 тұрғын үй, 60-50 пәтер, инженер-коммуникациялық инфрақұрылымды 44 жоба және пәтерлерді сатып алу бойынша 2980 пәтер жоспар тұр биылғы жылға. Денсаулық сақтау бойынша бізде 9 нысан салынды, оның ішінде енді қазір 6 аяқталуда, 3-еуін тапсырдық Шиелі, Жаңақорған аудандарында. Қазір бізде қалып тұрған Арал, Қазалыда 3 нысан оларда жақын күндері аяқталады және ең үлкен жоба ол қаладағы үлкен 35,5 млрд тұратын онкологиялық бөлімшесі бар көпсалалы аурухана оның да құрылысы қарқынды жүруде. Биыл бұл нысанға 16 млрд теңге бөлінді оны толық жыл аяғына дейін игереміз және келесі жылы осы обьектіні толық аяқтаймыз.
Басқарма басшысының айтуынша, көп ұзамай қаламызда Достық Үйі ел игілігіне беріледі. Қызылорда Арена спорттық кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын.
ЕРЛАН ТӨРӘЛИЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Бұл нысанды біз Қазақстан халқына қорының қолдауымен салып жатырмыз, қазіргі таңда жұмыстар 95 пайызға аяқталды, жылдың аяғына дейін бұл нысан пайдалануға беріледі. Тұрғын үй құрылысы бойынша бізде жоспар 870 мың шаршы метр, қазіргі таңда жұмыс жақсы жүруде, жылдың аяғына дейін орындаймыз. Биыл осы салаға 58 млрд бөлініп отыр, бұл қаражатқа біз жалпы 650 пәтерден тұратын 15 үйдің құрылысын жүргізіп жатырмыз.//