Су тасқыны салдарынан қираған үйлерді қайта салу мақсатында әрбір баспана үшін 22 миллион теңгеден бөлінеді. Ол мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі мәлімдеді. Қанат Шарлапаевтың айтуынша, қазір аймақ әкімдері апаттан келген зардапты толық есептеп біткен жоқ. Сондықтан нақты қанша үй салу керек және оған жалпы қанша қаржы бөлінетіні белгісіз.

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ – ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ

//22 миллион теңге 1 үй бағасы болады. Осы үйдің 80 шаршы метрдің 1 пәтерлі үйі болады және 2 пәтерлі үй болады. Сол бір пәтердің бағасы 22 миллионға келеді. Сонымен бір шаршы метр 281 мың теңге құрады. Қазіргі таңда әлі толық үйлердің саны белгісіз. Жергілікті атқарушы органдар бүкіл ақпаратты жинайды. Одан кейін біз қаражатты бөлеміз.//