Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Асылбек Тоғызбаевты 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Аймақ басшысы Асылбек Тоқмырзаұлының медицина саласына сіңірген еңбегін тілге тиек етіп, туған жеріне жанашырлығы үшін алғысын білдіріп, Құрмет грамотасын табыстады.

Асылбек Тоғызбаев жарты ғасырға жуық уақытын денсаулық сақтау саласына арнады. Еңбек жолын облыстық аурухананың анестезиология-реаниматология бөлімінде дәрігер болып бастап, кейін облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, облыстық ЖИТС орталығының, Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметтерін абыроймен атқарған.

Жиынға қатысушылар мерейтой иесі туралы жылы лебіздерін айтты. Өз кезегінде Асылбек Тоғызбаев көрсетілген құрмет пен ілтипат үшін алғысын білдірді.

АСЫЛБЕК ТОҒЫЗБАЕВ – ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ

// Нұреке, сіз осы аймақтың тізгінін ұстағаннан бері денсаулық сақтау саласына өте қатты мән беріп,// барлық мүмкіндікті қарап, материалдық техникалық базасын жөндеуге, кадрлардың білімін жетілдіруге, жалпы халықтың, елдің денсаулығына қамқорлығыңыз өте зор. Біздің Қызылорда облысында қан құю орталығы деген енапат жұмыс. Қанашама емханалар, ауылдық ауруханалар көркейіп, дамуына өте қатты көңіл бөліп жатырсыз.