Бүгін - Халыққа қызмет көрсету орталығында «Қызмет алушылар күні» өтті.

 Іс-шарада тұрғындар өздерін толғандырып жүрген сауалдарға мамандардан жауап алды. Оның ішінде жылжымайтын мүлік, кадастр және жер қатынастары, сондай-ақ сәулет пен құрылысқа қатысты мәселелер бар.

 НҰРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ «бұған дейін денсаулық, білім салалары бойынша өткізілді. Жалпы халықтың арасында бұл салалар өте сұранысқа ие қызметтер болып табылады. Сондықтан әр ай сайын бізде өткізілуде. Қызмет алу барысында біраз проблемалық мәселелер кездеседі. Соларды тікелей қызмет берушілерм ен бірлесе отырып, өзінің шешімін табуда».

 ТАМАРА ТӨЛЕБАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ « Опекун едім ғой, сонымен үйдің очередінде тұрмын 2012 жылдан бері. Соны қалай, қай кезде ала аламын, биыл 18-ге толады деп мен сұрақ сұрадым. Жауапқа қанағаттандым. Мәліметтерімен түсіндірді. Рақмет түсінідіріп жатқандарына».