#qyzylordatv
Балалар арасында ас қорыту аурулары бірінші орында тұр. Оның ішіне тіс аурулары да кіреді. Ал екінші орында қан, үшінші орында тыныс алу жүйесінің аурулары анықталған. Мамандардың айтуынша 18 жасқа дейінгі тұрғындар арасында тіске құрт түсу, тіс жегісі, стоматит, тістің қисық өсуі сынды түрлі мәселе көбейіп кеткен. Алайда осы балалардың тісіне ем жасауға байланысты бірнеше сұрақ бар. Неге ең маңызды емдер ақылы? Тегін емдейтін емханалар демалыс күндері жұмыс істей ме? Ауыл балалары тісін қайда емдетеді? Тақырыпты тілшіміз тарқатады.