#qyzylordatv
Биыл қала көлемінде бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 230-дан астам шара өтеді. Солардың негізгілеріне тоқталсақ.
Қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасұлын және Қазақ ССР-на еңбек сіңірген жаттықтырушы Ли Валентин Захарович пен КСРО спорт шебері Раис Салиховичты еске алуға арналған республикалық веложарыс өтеді. Сондай-ақ, қала күні мерекесіне орай қазақ күресінен «БАЛА БАРЫС - 2026» қалалық ашық біріншілік болады. Қазан айында кіші футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылса, футзалдан, волейболдан қала әкімінің кубогін өткізу жоспарланған. Жалпы, облыс орталығында тұрғындардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға барынша жағдай жасалып отыр. Соның ішінде сол жағалаудан мүгедектігі бар азаматтарға арналған инклюзивті спорт кешені ашылып, қызмет көрсетуде.
ЕРКЕН ЖАНТУҒАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Пауэрлифтингтен жақсы нәтиже көрсетіп жатқан қыздар, балдарымыз бар. Солар қазір ауысып жатыр, негізі Тарлан спорт кешенінде айналысатын еді. Осының он жетісінде Қазақстан чемпионаты болады соған дайындық болып жатыр.