#qyzylordatv
Қызылордада шорт-тректен жасөспірімдер арасында Қазастан Республикасының чемпионаты бастау алды. Елдің әр өңірінен жиналған жас спортшылар бірнеше күн бойы мұз үстінде өз шеберліктерін сынайды.
НҰРТӨРЕ ӘДІЛ, ТІЛШІ
Мұз айдыны — жылдамдық пен шеберлік сынға түсетін алаң. Бұл — шорт трек спорты. Мұнда бәрін секундтар емес, секундтың жүзден бір бөлігі шешеді. Қатысушылар тек қарсыласымен емес, өз тепе-теңдігімен, тынысымен, батылдығымен жарысады
Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен өзге өңірлерден 12 команда, 170-ке жуық спортшы қатысуда. Үш күнге жалғасатын бәсекеде жасөспірімдер түрлі қашықтықта сынға түсіп, эстафеталық жарыстарда да бақ сынайды. Бұл дода – қысқы спорт түріне қызығушылық танытқан жас буынның дайындығын көрсететін маңызды уақыт.
РАХАТ ХАСЕНҰЛЫ – ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ
Қызылордада бірінші рет өтіп жатыр. Кіші жас ерекшелігінде. Бүгін бізде бірінші күн 777метр мен 500 метр болады ең үлкен қашықтықтар.Бүгін біз бірінші рет осындай керемет мұз бен, ббірінші рет көрермендер көп болды бізде шыны керек. Барлығы ұнап жатыр істеген дайындықтары күшті. Қызылорда всегда орын алып жүрген спортсмендері көп. Осы жарыс бізде 3 күнге жалғасады.Бірінші күні бізде үлкен дистанциялар мен эстафеталар болады 1/4 финал болады. 9-12 жас аралығындағы, 9-10 ең кішкентай біздің группамыз и 11-12 жастар уже ең үлкен балдар болып есептеледі.
Жарысқа қатысушылардың дені бұл спортпен бірнеше жылдан бері тұрақты айналысып келеді. Бапкерлердің тиянақты тапсырмасы мен тұрақты жаттығу жас спортшылардың нәтижесінен анық байқалады.
САЯ АБЛАСИМОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Маған бұл спорт түрі ұнайды, өйткені мен өзім мұз үстінде сырғанағанды жақсы көремін. Мұнда жақсы жаттықтырушылар, жақсы ұжым бар. Мен бес жылдан бері айналысып келемін, маған мұндағының бәрі ұнайды. Мен мұз үстінде өз бетімше сырғанауды және жарыстарға қатысуды жақсы көремін. Алғашқы турнирім Astana Open 22-де болды. Ол жерде бірінші күні бірінші орын, ал екінші күні екінші орын алдым. Маған бұл спорт түрі мүлдем бөлек сезім сыйлайды.
Үш күнге созылатын бұл біріншілік жас спортшылар үшін тәжірибе алаңы ғана емес, шорт-тректегі шеберлікті шыңдайтын маңызды кезең. Мұз үстіндегі тартысты бәсеке олардың дайындығы мен төзімін айқындап, болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашады. Чемпионат қорытындысы 13 ақпан белгілі болып, үздіктер марапатталады.