Қала іргесіндегі Абай ауылында ауру малды түр-түсінен-ақ танитын мықты маман тұрады. Есімі Беріккүл Момынбаева. Қарапайым мал дәрігерін ауылдастары «төрт түліктің тамыршысы» деп атайды екен. Оның себебін тілшіміз Дәулет Сағит сұрап білді.
ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ //
Шыны керек, бұрынғыдай қыс қыстау, жаз жайлау деген түсінік жоқ қазір. Сондықтан болар төрт түлік тебіндеп жайылмағандықтан, ауру-сырқаудың түрі көбейді. Мамандар жыл бедерінде 14 түрлі дертке қарсы екпе салу керек деп отыр. Ал, бұған бей-жай қарасаңыз қорадағы қорыңыз қасқыр тартпай-ақ, бір пәсте жоқ болуы мүмкін. Әрине, жаман айтпай жақсы жоқ (сиырға екпе салады).//
«Медицина – адамды, ал ветеринария – бүкіл адамзатты емдейді» деген нақыл қай кезеңде де өзектілігін жойған емес. Қолдағы малды ауру дендесе, адамға жұқпай қоймайды. Әсіресе, біздің өңір секілді аграрлы аймақта ветеринар мамандар қашанда мәртебеге лайық. Бүгінде облыста осы салада 750-ге тарта қызметкер жұмыс істейді. Оның 673-і ветеринар маман. Солардың бірі – қала іргесіндегі Абай ауылының мал дәрігері Беріккүл Момынбаева. 17 жылға жуық уақытын осы салаға арнаған білікті маман аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы диагностикалық тексеру шараларын ұдайы жүргізіп келеді. Соның арқасында мал аурулары едәуір азайған.
БЕРІККҮЛ МОМЫНБАЕВА – ҚОСШЫҢЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ПУНКТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Өзім енді ауылдың қызы болғандықтан малға жақын болдым. Төрт түлік малға ем көрсетіп, халыққа қол ұшын тигізуді басты міндетім деп санаймын. Ауырып тұрған малды келіп көремін. Жұқпалы ма әлде жұқпалы емес па. Жұқпалы болса инспекцияға хабар береміз. Енді қазір көктемгі төрт түлікке екпе егу жұмыстары басталды. Әсіресе, біздің өңірде сібір жарасы, ауысыл, құтыру ауруларына қарсы екпе жұмыстары жүреді. Енді біз сол аурулардың алдын алу үшін екпе егу жұмыстарын ұдайы назардан тыс қалдырмай, жүргізіп отырамыз. Жастайымыздан осы жұмысқа үйренгеннен кейін, жұмыс барысында қатты қиындық туғызбайды.//
Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай мен Досан ауылын қоса алғанда бес жарым мың бас уақ мал, бес мыңнан аса мүйізді ірі қара, төрт мыңдай жылқы мен екі жүздей түйе сырғаланған. Мамандар соның барлығына көктем мен күзде жұқпалы ауруларға қарсы екпе салып шығады. Жоспар бойынша айына мың бас малдан қан алып, оны қаладағы зертханаға жібереді. Сырға салып, бірдейлендіру дегеніңіз тағы бар. Сондай-ақ, күйі кеткен малды емдеуге тұрғындардан шақыртулар түсіп тұрады.
НҰРГҮЛ ЕГІЗБАЕВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ /
/Көктем келіп, мал ауруларына қарсы екпе салу басталысымен мал дәрігеріміз бірден төрт түлікті уақытылы емдеп, уколдарын салып береді. Басқа да жағдайлар туындағанда шақыртсақ бірден жетіп келіп, қарап береді. Білікті маман деп айта аламыз. Рақмет.//
БЕРІККҮЛ МОМЫНБАЕВА – ҚОСШЫҢЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ПУНКТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
//Қазір ауысыл ауруына қарсы екі рет қайталанып егілетін болғандықтан мүйізді ірі қара малына 11 мың, уақ малға 12 мың вакцина келіп тұр. Қор жеткілікті. Көктемнен шілдеге дейін салынады. Ол бірінші жартыжылдық болып есептеледі. Тамыз айынан қарашаға дейін екінгші жартыжылдықтыкы егіледі.//
Жалпы облыс аумағында мал ауруы ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатындағы іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Биыл аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы ауруға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, қажетті препараттар сатып алынған.
МАРАТ ОЙНАРОВ – ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ //
Облыс бойынша 360 мыңнан астам мүйізді ірі қара, 650 мыңнан астам уақ мал, 260 мыңдай жылқы мен 60 мыңдай түйе тіркелген. Осы төрт түліктің арасында аурушаңдықты болдырмау, алдын алу мақсатында үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 6,3 млн доза қаралып отыр. Бүгінгі таңда облысқа 3,4 млн жеткізіліп, жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта аймақта эпизоотиялық ахуал тұрақты. Былтырғы жылы аса қауіпті адам мен жануарларға ортақ бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Яғни, қанын алып, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Өткен жылы сол 286 бас уақ малғ 10 бас мүйізді ірі қара ауру болып шықты. Олар қайта өңдеу кәсіпорындарында санитарлық сойылып, қайта өңдеуге жіберілді. Мал иелеріне бюджеттен өтемақысы төленді 30 пайыз.//
Аусыл, күл, қарасан, оба, бруцеллез, вирусты диарея, сібір жарасы. Бұл індеттердің қай кезде бас көтеретінін дөп басып ешкім айта алмас. Бұл ретте малдың күйін күйттеп, уақытылы екпе салып, қажет болса емдеп жүрген қарапайым мал дәрігерінің еңбегі еселі.