Қызылордалық оқушылар жүн түтіп, киіз басуды, құрақ құрап, кесте тігуді үйреніп жатыр. Ұмтылып бара жатқан төл өнерді жаңғыртып, заманға сай дәріптеген мектепте тілшіміз болып келді.
Киіз басу, жүн түту, кесте тоқу, сырмақ сыру секілді қолөнердің оннан астам түрі мұндағы қыздарға таңсық дүние емес. Мектептегі «Қолөнер» үйірмесіне 50-ге тарта оқушы қатысады. Солардың бірі - Айгерім Руслан. Қажетті әшекей мен кәдесыйды өзі дайындайды. Ізденімпаз шәкірт шиқұрақтан құрастырма блоктар әзірлеген.
АЙГЕРІМ РУСЛАН - ОҚУШЫ
Ата-бабамыздан бері келе жатқан қазақ халқының дәстүрлі өнерінің бір түрі бұл құрақ құрау. Бұл өнер қазақ халқының мәдениетінің бай мұрасын ашып көрсетеді. Және ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан қолөнер түрі. Менің артымда тұрған жұмысым ұлттық нақыштағы екі жақты шиқұрақ пазл. Бұл пазлды ойнау арқылы баланың ой-өрісі дамиды және түс ерекшелігін ажыратуға көмектеседі. //
Қызығы сол, төл өнерді жаңғыртуға ата-аналар да ат салысуда. Қала тұрғыны Ұлман Қарекеева - ісмер. Қолы қалт етсе, бұрымдыларға бар білгенін үйретуге асығады.
ҰЛМАН ҚАРАКЕЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Қолымнан келген қолөнер бұйымдарын жасауды қыздарыма үйретемін үйде. Және мектептің «Іскер ана» жобасы бойынша айына екі рет оқушыларға үйретемін. Жүнмен, құрақпен жұмыс жасаймыз. Құрақ құраудың техникаларын, оның өлшемдерін балаларға, қыздарға үйретіп, бір-бірімен байланыстыру техникаларын//
ҰЛДАНА ЖҮСІПОВА - КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Жоспар бойынша 7 анамыз жұмыс жасайды. Айына 2 рет оқушылармен бірігіп шеберлік сыныптары өткізіледі. Көркем еңбек пәні және үйірме жұмыстары оқушыларды қолөнер үйрету арқылы іскерлікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа қалыптастырады. Оқушыларға ылғалды жүнмен жұмыс және құрғақ жүнмен жұмыс, зергерлік бұйым, құрақ құрау, ши тоқу, басқұр тоқу. Осындай қолөнерге оқушыларды үйретіп жатырмыз. //
Ұстаздар ұлттық ойындарды да түрлендірген. Ақыл-ойды дамытуға арналған тоғызқұмалақ, бестемше мен ептілікке баулитын асық арқылы шәкірттерді шынықтырып жүр. Ерекшелігі сол, оқушылар ойын ойнап, қимыл-қозғалысын ширатады.
АҚҚАНАТ ШЕРҒАЗЫҚЫЗЫ – «БЕСТЕМШЕ» ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Тоғызқұмалақ пен бестемше балалардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, + тоғызқұмалақ пен бестемшені асық арқылы ойнайды. Яғни ол балдардың қол еңбегіне байланысты, қол моторикасы дейді ғой, қазіргі уақытта қызығушылығы жоғары//
АЙЖАН АЛИМОВА – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №211 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Мектеп қабырғасында ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен баланың Отанға деген құрметі ерекше, туған тілге деген сүйіспеншілігі өте жоғары болады деп есептеймін. Қазіргі таңда мектебімізде біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде пәндерде осы ұлттық құндылықтар негізінде білім беруді басты назарға алып отырмыз. Тәрбие, білім беруде біздің негізгі мақсатымыз балаларды қазақ қоғамының табиғи тамырынан үзбей өзінің ұлтына деген сүйіспеншілігін бойына сіңіру//
Мұғалімдер шәкірттерді шешендік өнерге баулып, ұлттық аспаптарды меңгеруге де күш салуда. Сабақ арасындағы сергіту сәті мен көңілді үзілістер балалардың оқуға ынтасын арттыра түсіпті.