Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев – бұл наурыз мерекесінің бастау екенін айтып, амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз екеніне айрықша тоқталды.

 Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.

– деді президент.