Облыстың мемлекеттік архивінде ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұлықталды.

 Салт-дәстүр — халықтың жөн-жоралғыларының, өмірлік ұстанымдарының жиынтығы. Адам өмірінің әр кезеңіне арналған қазақ ғұрыптарының өзі бір төбе: отбасылық, тұрмыстық, спорттық дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Мерекелік іс-шарада қазақтың бесікке салу, тұсаукесер сынды тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлерден көрініс көрсетілді. «Біз осындай тағылымды іс-шара арқылы шынайы құндылықтарды түсінеміз, туған-туыстарымызбен байланысымызды нығайтамыз»,- дейді ұйымдастырушылар.

ЖАНАТ АБЗАЛИЕВА — ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ БАСШЫСЫ облыстық мемлекеттік архивімізде қалалық филиалмен және облыстық партия тарихы филиалымен бірлесіп, наурыз мерекесі тойланып, іс-шарамыз болып жатыр. Енді өздеріңізге белгілі 2-3 жыл көлемінде біз наурызнама деп сондай форматпен өткізіп жатырмыз. 14 наурыз — амал мерекесі, көрісу күні сол күннен бастап және бүгін 17 наурыз — мәдениет және салт-дәстүрлер күні деп белгіленген. Ұлттық ойындарымызға мән беріп, балаларға насихаттап, асық, ләңгі, бұрынғы ойындарды үйрету мақсатында осы іс-шараны өткізіп отырмыз.