Көктем – күн шуағы төгіліп, қар көбесі сөгіліп, жерге көк шығатын, дастарханға ақ толатын мерейлі мезгіл. Әріптесім Әкімжан Жолтаев Ұлыстың ұлы күні қарсаңында төрт түлігін төлдетіп, тіршілігін түлетіп отырған Іңкәрдария ауылында болып келді. Еселі еңбектің арқасында ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасап алған қарапайым шаруалар туралы келесі бейнематериалымызда.

ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ \ Наурыз айы - береке мен бірліктің бастауы. Күн мен түннің теңелетін, тіршілік түрленетін, табиғат құлпырып, тамаша күйге енетін шақ. Көктемнің шуақты күнінде төрт түлік төлдеп, мал басы артады, елдің ырысы тасып, несібесі молаяды. Біз бүгін осындай керемет көріністің куәсі боламыз\

 Қыстай қорадан шықпаған тұяқтылар көктем лебі сезілісімен өріске беттеп, ен далада еркін жайылуда. Бұл көрініске қарап, төл басы көбейгенін аңғаруға болады.

 ҚАЙРАТ БАЙМАХАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ \ Қазақта барғой енді малдың басын атамайды, бермейді. Ол баяғы ата-бабаларымыздан бар нәрсеғой. Көктемде басталады тіршіліктің бәрі. Құдай қаласа апрель айында көк шығады. Сол қарбалас тірлік әйтеуір. Қазақтың ақбас сиыры ет бағытында сүт бағытында. Осы малды 2014 жылы алып, содан бері көбейтіп жатырмыз\

 \сауыншы апа сиырларының атын айтып қораға кіреді\

Тілші: Шаруашылық иесі малдың жем-шөбін дайындаса, Бексұлудың жұмысы таңмен таласа тұрып, сиыр сауу. 15 жылдық тәжірибесі бар сауыншы сиырлардың әрқайсысының түр-түсі, мінезіне қарап ат қойған. Мәселен, Жезкиік қолды аяққа тұрмайтын асау, ал Кемпір табындағы ең кәрі сиырдың бірі.

 БЕКСҰЛУ ҚАСЫМОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ \14 жыл болды оны сауып келе жатқаныма, сосын Кемпір деп қойдым. Мынаны бір кісіден сатып алдым Ұлдай деген сосын Ұлдай деп қойдым. Мынаның шешесінде бакамбарды болды сосын Бакамбард деп атап кеттім. Ұлдай кел, пипика деймін. Шипоқ кел десем келеді\

Бексұлу күніне 10-15 бас сиыр сауады. Қысты күні сүт аздау болады, ал көктем шығып, малдың аузы көкке тиген сәттен бастап ағарғанға қарық боламыз, - дейді. Таңмен таласа тұрған сауыншы сиыр сауып болған соң сүт пісіріп, айран ұйытады, май шайқап, құрт пен ірімшік дайындайды. Бұл оның күнделікті тіршілігі.

видеоряд: \айран пісіп, құрт жасап жатыр\

БЕКСҰЛУ ҚАСЫМОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ \Дастарханымыздан ағарғанымыз үзілмейді. Құрт, маймыз, ірімшігіміз. Сұраныс өте жақсы таза өнімге. Май айында табиғи өнімге өте жақсы болады сұранысқан. Майдың балы, майдың құрты сапасы өте жоғары болады. 35-40 л сүтті ұйытамыз. Келінім бар қолымда, бір жағымда сол жүреді. Олда пысыды\

 Баймахановтар мал шаруашылығымен бірге омарташылық кәсіпке де бет бұрған. Тұтынушыларға сүт өнімдерімен қатар қолдың таза табиғи балын ұсынады. Қыстай ұясында жатқан аралар күн жылысымен дала шығып, жұмысқа кірісіпті. Яғни, гүлдердің тозаңын жинайды. Бал арасына да баладай күтім керек екен. Егер күтім болмаса өнім де аз болады екен.

ҒАЗИЗ ҚАЙРАТОВ, ОМАРТАШЫ \уақытылы дәрі-дәрмек беріп тұру, рамкаларын ауыстырып тұру соларды реттеп отыруымыз керек. Бір семьяның арасы жантаққа қонса қалғандары тек жантақтан тасиды. Ал басқа гүлдерден алып келмейді... \

 Бір отбасы бір күнде бес келіге дейін бал жинайды. Тағы бір ерекшелігі бір ұяшықта бір ғана аналық болады. Егер аналық ара басқа ұяғы кетіп қалса жұмысшы аралар шере мен тозаң тасымайды екен. Міне, көктемнің кереметі осы. Барша тіршілік атаулы оянып, табиғат түрленеді. Тамаша күйге енеді.