Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай «Наурыз-думан» атты этнографиялық мерекелік іс-шара өтті.
Алдымен көпшілік назарына «Көктем өрнегі» атты көрме ұсынылды. Жергілікті қолөнер шеберлері мен суретшілер шеберлік сағатын өткізсе, оқушылар «Тоғызқұмалақ», «Хан талапай» ойындарынан сайысқа түсті.
Музей қызметкерлері «Мәдениет және өнер» залында «Сырға салу» , «Тұсау кесер» рәсімдерін өткізіп, дәстүрді дәріптеді.
КАТЯ АЛИБЕКОВА- МУЗЕЙ АРДАГЕРІ \Қазіргі жастар бұрынғы дәстүрді қолдайды деп ойлаймын, болашағымызға сенеміз, ұлттық дәстүрді әрі қарай жалғастырып, ұлттық құндылықтарды бағалап ары қарай жалғастырады деп ойлаймыз.
ЭЛЬЗИРА САҒИТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ \ ұмытылып кеткен қазір музей қорында жаңғыртылған тұсау кесер әшекейімен кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кестік. Және сондай-ақ бұрын қазақта айттырылатын қызға үкі тағу, үкілі кәмшәт бөрік кигізу дәстүрі болқан. Қазір ол дәстүр сырға салу дәстүрімен алмастырылған. Сол үкілі кәмшәт бөрік кигізу дәстүрін ұйымдастырдық.
Музей қызметкерлері «Ұлттық тағам –ұлт бренді» атты көрініс қойып, қонақтарға құрт-май, тары-талқан мен Ұлыстың дәмі - Наурыз көжеден ұсынды. Себебі қонақжай қазақтың дастарханы – құт-берекенің бастауы.