Тақырыпқы тұздық. Бүгін қала бойынша жаппай ағаш отырғызу іс-шарасы басталды.

 Атап айтқанда, Батырхан Шүкенов атындағы саябаққа жиналған қызылордалықтар тазарту, көгалдандыру жұмысын жүргізіп, 50 түп ағаш отырғызды. Саябаққа үйеңкі, терек және қара ағаш шыбықтары егілді. Ал ақжаулықты әжелер ағашқа «ақ құю» рәсімін орындады.

Жаңару күні,тазару күні, пісміллә деп ағымызды құяық,ақ мол болсын, елімізде тыныштық-ырыс-береке болсын.

 ЕРЖАН ЕСКЕНДІР – ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Отбасы комиссиясының мүшелері, Аналар кеңесі, әкелер одағының мүшелері, қоғамдық топтардың барлығы бас қосып, осы қаламыздың жаңаруына үлес қосып, саябақтың ішін тазалап, әрлеп, тал егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл енді келіп жатқан Наурыз мейрамына сәйкес, жаңак жылымызда барлығы жақсы,таза болсын деген үлкен үмітпен жастарға үлгі-өнеге көрсету мақсатында жұмыстар басталып кетті, бұл әлі жалғасын таба береді.

ЖАНӘДІЛ ХАМИТ – СТУДЕНТ

 Саябаққа келіп, талдар егіп, тазалық жұмыстарын жасап, талдарды әктеп жастар өз үлесімізді қосып жатырмыз, себебі біз жастар Қазақстанның болашағымыз және де осы келе жатқан Наурыз мерекесімен баршаңызды құттықтаймын, ақ мол болсын, еліміз аман, жұртымызтыныш болсын.