Бүгін облыс орталығында «Наурыз Фест» фестивалі өтті. Ерекшелігі сол, ұлттық спорт ойындарында аймақтағы ірі кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандар бақ сынады.
ЖАНАР БЕРДЕНОВА — КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Негізінен бұл жарысқа өңірімізде жұмыс жасап отқан ірі кәсіпорындар: 6 мұнай компаниясы, 4 уран компаниясы, шыны зауытының командалары қатысып отыр. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Сонымен фестивальге өңірдегі кәсіпорындардың қызметкерлерінен құралған 11 команда қатысты.
ҒАЛЫМЖАН БЕЙСЕНБЕКОВ — ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Мен бұл іс-шараға асық ойнауға қатысуға келдім. Бала кезімізден асықпен бірге доп теуіп өскенбіз. Сондықтан жеңістің шыңдарында көрінеміз деп өзіміз ниеттеніп отырмыз.
Ләңгі, асық ату, бес асық сынды қазақтың ұлттық ойындар сайысы ә дегеннен бой сергітті. Одан соң жұмысшылардан құралған командалар шағын футболда шеберлік байқасып, үлкен теннисте өзара мықтыны анықтады.
Өндіріс орындарында кәсібилігімен көзге түскен мамандар спортттан да құр алақан емес екендерін байқатты. Сайыс алаңына шыққан қарапайым еңбек адамдары көрермендердің қолдауына ие болды.