Наурыз нышаны биыл өңірімізде жақсы сезіліп жатыр. Ауыл-аймақты былай қойғанда, Қызылордадағы білім ошақтары наурызнаманың он күндігіне орай салт-дәстүрімізді жаңғыртуға үлес қосуда. Мәселен дәл қазір Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжінде ұлыс тойы тойланып жатыр. Сол ортадан әріптесім Елжас Әбділда тікелей байланысқа шығып тұр. Елжас, мереке қалай өтіп жатыр?

 Рақмет, студия. Мұнда наурыз думан осыдан біршама уақыт бұрын басталды. Жаңа ғана колледж жанынан құрылған «Ассорти» театрының қыз-жігіттері салт-дәстүрімізді дәріптейтін көрініс қойды. Сондай-ақ, ашық аспан астында ұлттық қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнымен қоса, жастар жарапазан айтып, мерекенің шырайын келтіруде. Бір сөзбен, азаматтар шапан мен бөркін киіп, арулар табиғи көркін биік қойғанына куә болып жатырмыз. Қазір менің жанымда осы оқу ошағының ұстазы Махаббат Оспанқызы тұр.

ГҮЛНҰР ЖҮСІПОВА – М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

– Махаббат ханым, жалпы бұл оқу ошағы ұлттық құндылықты дәріптеуден жыл сайын қалыс қалмайтынын білеміз. Биылғы наурыз думанның ерекшелігі қандай?

– Шыны керек, біз бір реттік шараларға бейімбіз ғой. Дегенмен сіздердің бұл бастамаларыңыз тоқтап қалмайтын шығар. Әз-наурыз мерекесіне қандай жаспар бар?

Махаббат Оспанқызы,тұшымды ақпарыңызға рақмет. Мереке құтты болсын. Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжінде 2 мыңнан астам студент білім алуда. Бүгінгі тағылымды шараға солардың дені қатысып отыр. Қазір салт-дәстүрімізді дәріптеумен қатар, ұлттық спорт түрлерінен де сайыстар ұйымдастырылуда. Студия, менде бар ақпар осы.