#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #айыппұл

Өңірде айыппұл төлеуден жалтарып жүргендер саны азаймай тұр. Осыған орай, облыста «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында, 3782 әкімшілік іске қатысты 54 млн теңгеден астам айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.

  Сондай-ақ, айыппұлы төленбеген 72 автокөлік айып алаңына қойылды. Ал айыппұл төлеу мерзімі өтуіне байланысты 68 әкімшілік қаулы құқық бұзушы азаматтардың жұмыс орындарына жолданған. Жалпы «Борышкер» жедел профилактикалық шарасының мақсаты - полиция қызметкерлерімен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру және қоғамдық тәртіпті қадағалау.

НҰРКЕН БАҚТИЯРОВ - ОПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Екин-Патруль» мобильді кешендерінің мүмкіндігін пайдалана отырып, қала аумағында 207 автокөліктің айыппұлдары бар мен жоқтығы тексеріліп, тексеру барысында 51 автокөліктерге қатысты жалпы соммасы 3 млн 533 мың 163 теңге айыппұлдар төленді. Аталған жұмыстардың нәтижесінде, есепті мерзімде жалпы облыс көлемінде құқық бұзушыларға салынған 767 млн 460 мың теңге айыппұлдардың 573 млн. 513 мың теңгесі өндіріліп, 74,7 пайызды құрап отыр.