#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #байқоңыр #зымыран
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан бортында экипажы бар «Союз МС-27» ғарыш кемесі халықаралық ғарыш стансасына аттанды. Бұл көкке көтерілген 73-ші ұзақ мерзімді экспедиция. Кезекті ұшырылым Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр.
Ғарыш кемесі сағат 10-нан 47 минут өткенде айлақтың 31-ші алаңынан ұшырылды. Зымыран тасығыш әуеге көтерілгеннен кейін 9 минут өткен соң орбитаға шығарылған. Экипаж құрамында «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий және NASA астронавты Джонатан Ким бар. Олар халықаралық ғарыш стансасында 50-ге жуық ғылыми тәжірибе жүргізіп, жерге 9-шы желтоқсанда бірақ оралмақ. Айта кетейік, ұшырылымды екі мыңнан астам турист тамашалаған. Ал, биыл ғарыш айлағынан 10-ға жуық зымыран ұшрылатынын ескерсек, жұлдызды қалашыққа жыл соңына дейін 20 мыңға жуық турист келмек.