#qyzylordatv
Бүгінде қоғамда бала тілінің кеш шығуы өте өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл жағдай ата-аналарды ғана емес, дәрігерлерді де алаңдатуда. Мұның себебі неде? Мамандар не дейді? Тақырыпты әріптесім Асылзат зерттеп көрген еді, сюжетке зер салайық.
ГЕО: ҚЫЗЫЛОРДА
ИНТЕРШУМ: //4403/ /Баланы сөйлетіп жатқан видео//
СТ-П: АСЫЛЗАТ ЖОЛДАСҚЫЗЫ - ТІЛШІ //Бала - көздің нұры, өмірдің гүлі. Шаңыраққа шаттық ұялататын балапандар былдырлаған бал тілімен елітіп әкетері сөзсіз. Алайда соңғы жылдары сәби тілінің шығуы кешеуілдеп келеді. Мамандар мұны жүктілік кездегі анасының жай-күйімен байланыстырады.//
ДАРИХА ӘБІЛДАЕВА — ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД // Негізі жүктілік кезіндегі, қазір медицина саласындағы мамандар да келіседі, жалпы халықтың денсаулығының нашарлауы, аналарымыздың созылмалы аурулармен ауыруы. Стресстер: қоғамдағы тапшылық, өмір сүрудегі қиыншылықтар. Тіпті, барлық жағдайы жақсы бола тұра, тек қана әлеуметтік емес, психоэмоционалдық жағдай: ерлі-зайыптылардың арасындағы, отбасының арасындағы жағдайлар осы балалардың ми жұмысының зақымдануынан үдеп келе жатыр.//
Қала тұрғыны Аида Құрманова төрт жастағы қызын логопедке көрсетіп жүргеніне 2 жылдан асыпты. Баласының тілі кеш шығыпты. Арнайы мамандарға жүгінгелі оң нәтиже беріп, өзгеріс болғанын айтады.
АИДА ҚҰРМАНОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
// // 1 жарым жасынан бастап мен невропатологқа апарып, сол жақтан бірден дефектолог-логопед, невропсихолог сондай мамандармен жұмыс бастадық. Атына қарамайды, сөйлемейді, басқа балалармен ойнамайды, содан білдім. Үйде өзім де қосымша жұмыс жасаймын қызбен. Тек мұғалімге ғана сеніп қоймай ата-ана үйде де жұмыс жасауы керек.//
Бір жастағы бала кемінде 10-15 сөзді айтып, үш жастан асқасын еркін сөйлей алуы қажет. Дей тұрғанмен қазір мұндай көрсеткіш аз дейді мамандар. Оған ата-ананың баламен тығыз қарым-қатынаста болмауы, гаджет пен теледидарды шектен тыс көруі де себеп.
ДАРИХА ӘБІЛДАЕВА — ДЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД
// Бала активті түрде мақсатты қозғалыстары көп болып, қозғалуы керек. Ал смартфондар мен теледидарлар қозғалысты шектейді. Ал егер бала 2-3 сағат, кейде азаннан кешке дейін көретін болса, қозғалып, миындағы нейрондық байланыстарын көбейтетін уақытын жоғалтып алады.
Ата-ана бала дүниеге келген сәттен бастап оның өмірі мен дамуына жауапты. Оларға көңіл бөлу — үлкен жауапкершілік.