#qyzylordatv
«Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда». Облыс орталығында осындай атаумен республикалық ақындар айтысы өтті. Сыр тарихын көркем сөзбен кестелеген өнер додасында 12 ақын бақ сынап, айтыс сүйер қауымға ерекше әсер сыйлады.
Биыл ел тарихы үшін елеулді жыл. Қазақ АКСР-нің астанасы Орынбордан Ақмешітке көшірілгеніне 100 жыл толды. Мерейтойлық шаралар легі республикалық ақындар айтысынан басталып отыр. Жыр додасына әр өңірдің мықтылары жиылған. Сондықтан Сыр жұртшылығы 8 сағат бойы сөз сайысын тапжылмай тамашалады. Ақындар қоғамның қойыртпақ тұстары мен толайым тірлікті жырға қосты. Ал олардың әр шумағын бағдарлап отыруға Сауытбек Әбдірахманов, Асанәлі Әшімов, Жүрсін Ерман, Алмас Алматов секілді сөзді сүйегінен танитын марқасқалар шақыртылған. Айтыс қортындысы бойынша екі кезең бойы ұтымды шумақтарымен дараланған астаналық Сара Тоқтамысова бас жүлдені жеңіп алды.
Облыс орталығында дүбірлеп өткен республикалық ақындар айтысы турасында толыққанды кешкі эфирде тарқатамыз.