#qyzylordatv

Арал ауданында облыс прокурорының тапсырмасына сәйкес «Ата-ана міндеті - бала тәрбиесі» атты акция өтті.

Ауданда жыл басынан бері кәмелетке толмаған жасөспірімдерді тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 24 ата-анаға әкімшілік шара көрілген. Бұл статистика қоғамда бала алдындағы жауапкершілігін жете сезінбейтін азаматтардың бар екендігін көрсетіп отыр. Осы мәселеге байланысты аудандық прокуратура қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиында жазғы каникул кезінде балалардың беймезгіл уақытта жүрмеуін, белгіленбеген аймақтарға суға түспеуін қатаң қадағалау керектігі айтылды.

 АҚМАРАЛ ЖАНЕСЕНОВА, АРАЛ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ \Акцияның мақсаты бала тәрбиесіндегі басты тұлға ата-ана екендігі, оның жауапкершілігі және ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін қоғам арасында кеңінен насихаттау. Кәмелетке толмаған жөніндегі міндеттерді орындамаған ата-анаға қатысты әкімшілік іс қаралып, әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды...\