#qyzylordatv
Қызылордада жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 17 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде орталық көшелермен қатар шет аймақтағы жолдар да назардан тыс қалмайды.
Қазіргі таңда қаланың шет аймақтарындағы 11 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысы қарқын алған аумақтың бірі - «Саяхат» мөлтек ауданы.
НҰРЖАН БЕКТІБАЕВ, УЧАСКЕ БАСШЫСЫ \Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан көшені аты Иманғали Сейтов көшесі. Көшенің ұзындығы 700 метр. Ені 7 метр болып есептеледі. Асфальттың төменгі қабатын салып жатырмыз. Толық бітіру маусым айында жоспарланып отыр. Бүкіл құрылыс стандарттары сақталып отыр. Обьектінің басында 15 жұмысшы жүр. Бұдан бөлек біз, мердігер есебінде саяхат ауданындағы Қайруллаев көшесі, Бұлғақов көшесін алдық\
Қаладағы ең ауқымды жұмыстың бірі - Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын кеңейту.
НҰРЛАН ПАРМАНҚҰЛОВ — УЧАСКЕ БАСШЫСЫ
\Жолдың жалпы құрылысы сәуір айынан басталды, қыркүйек айының аяғына дейін біту жоспарлануда. Тасжолдың толық ұзындығы 2 км 800 метр. Бірінші категориялы жол. Жалпы биіктігі 1,39. Жерді тегістеп, нығыздап дайындалғаннан кейін таудың тасын төсейді ең бірінші. Дарияның жағасы болғандықтан жолдың сапасы берік болуы үшін таудың тасынан кейін құм төселінеді, қиыршық тас, онан кейін асфальтқа қатысты әр қабаттар салынады\
Биыл сондай-ақ қаланың солтүстік кіре-берісіндегі Сағымбаев көшесі 4 жолақты етіп кеңейтіледі.