#qyzylordatv #Абай180жыл

Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ақынның атымен аталатын Абай ауылында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Мақсат – хәкім Абайдың шығармашылығын дәріптеу арқылы қаламгерлердің басын қосып, өскелең ұрпаққа өнегелі іс көрсету.

Еркін форматтағы жүздесуге өңірдің жас ақындары қатысты. Олар ашық аспан астында өлең оқып, маржан сөзден өрнек өрді. Сондай-ақ, сахнада ақындар айтысып, Абай туралы театрландырылған қойылым көрсетілді.

 Биыл қазақ поэзиясының алдаспаны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы кең көлемде атап өтілуде. Соның бірі ретінде Талсуат ауылында «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты жас ақындар мүшайрасы өтті. Оған аймақтан таңдаулы 9 қаламгер қатысып, үздіктері Абай ауылындағы кеште марапатталды.

 Ал, кешқұрым көлдің жағасында арнайы алау жағылып, жастар жағы ән шырқап, кештің көрігін кіргізді.

 «Ашық аспан астындағы әдеби-сазды кеш жастарға рухани нәр беріп қана қоймай, тасада қалған таланттарды танытуға сеп болды»,- дейді аға буын өкілдері.