#qyzylordatv
Дәстүрлі тамыз кеңесі – жаңа оқу жылы қарсаңында педагогикалық қауымдастық үшін тәжірибе алмасып, стратегиялық міндеттерді айқындайтын алаң. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осынау маңызды жиында ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан бірқатар ұлағатты ұстазды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Марапат төрінен көрінгендердің қатарында қызылордалық ұстаз, Серғали Толыбеков атындағы нөмірі үшінші айти мектеп-лицейінің директоры Ләззат Әбенова бар. Жерлесімізге Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ерен еңбегі үшін» медалін салтанатты түрде табыстады. Ләззат Өтегенқызы– еңбек өтілінің ширек ғасырын шәкірт тәрбиелеу ісіне арнаған тәжірибелі педагог. Әрі біраз уақыт бұрын «Қызылорда телеарнасының «Жаңалықтар» жүргізушісі ретінде танылған.