#qyzylordatv

Сырдарияның суы сирақтан келмей тұр. Өңірде егіске қажетті тіршілік нәріне тапшылық айқын сезіле бастады. Қазір шаруалар күріш алқаптарын кезектесіп суарып жатыр. Көбісі қашыртқыдағы суды екінші мәрте кәдеге жаратуда. Бұл жағдай тіршілік нәріне тамыры байланған қарапайым халықты да аяқ сусыз қалдырып отыр. Сонымен қазір даладағы және қаладағы ахуал қандай? Тілшіміз Асқар Тәжиев зерттеп көрді.

 ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ – «ҚЫЗЫЛОРДАСУШАР» ӨНДІРІСТІК УЧАСКЕСІНІҢ БАСШЫСЫ

Біз қазір суды платинаның аузында барлық суды ұстап қалып, Шіркейлі каналына, Оң жаңа каналына беріп отырмыз өйткені Шіркейлі каналының бойында 45 мың гектар күріш бар. 4 аудан бар. Соның күріші қалмас үшін осында жіберіп жатырмыз. Сондықтан дарияның бойындағы насостарға қиыншылық туындауда. //

 Биыл өңірде 189 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылы егілді. Күріштің көлемі 81 мың гектарға жуықтайды. Бұл егіс көлемінің 43 пайызы. Мамандар дария деңгейінің жылдағыдан төмен болатынын ерте көктемнен ескерткен. Десе де Жер-анадан ырзық несібесін терген еңбеккерлер жылдағыдай тәуекелге бел буыпты. Қазір өңірде су тапшылығы айқын сезіліп отыр. Күріш егетін шаруалар қашыртқылардағы суды қондырғылардың көмегімен қайта пайдалануға көшкен. Бұл егістік алқаптарын толықтай суландыруға мүмкіндік бермесе де, көптің көңіліне демеу. Егіншілерге бес магистральдық және үш шаруашылықаралық канал бойынша су беріліп, егіс алқабының 98% пайызы кезекпен суарылуда.

 Мамандар күріш алқабын лазерлік тегістеудің маңызды екенін айтып келеді. 55 мың гектар күріш алқабын лазермен тегістеудің арқасында облыста 200 млн текше метр су үнемделген.

 Ал енді осы «суды үнемдеу әдістерін тек егістікте емес, тіршілік нәрін тұтынатын барлық бағытта бірінші кезекке қоюымыз қажет»,- дейді су саласының білікті маманы Жорабек Нұрымбетов.

ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ – «ҚЫЗЫЛОРДАСУШАР» ӨНДІРІСТІК УЧАСКЕСІНІҢ БАСШЫСЫ

// келешек біздің ойымыз ішкі су жүйесін, каналдар барлығы топырақтан қазылып жасалған ғой соны бетондау арқылы суды үнемдеуді көздеп отрымыз. Жақында қаланың ішінде Қызылжарма каналы бар. 11,8 шақырым жер. Ол канал арғы беттегі 150-160 мың халықтың аяқ суын қамтамасыз етеді. Бетондасақ бірінші суды үнемдейміз және қандай биік жер болса да су баратындай жағдайға келеміз. Оған жоба сметалық документ бердік. Министрлік қабылдады. Енді қаржы бөледі деген үмітіміз бар.///

 Әр маусым сайын қаланы толықтай аяқ сумен қамтуға 21,7 миллион текше метр су қажет. Бұл мамандардың есебі. Ал қазір тұтынып отырған су көлемі 13,5 миллион текше метр. Яғни қажетті көлемнің 60 пайыздан астамы. Сондықтан бұл бағытта атқарылар іс әлі көп. Қазір қалада 27 шақырымға жуық каналдар жүйесі жұмыс істеп тұр. Ал қаланы толықтай қамту үшін тағы да 30 шақырымға жуық арықтар жүйесі салынуы қажет екен.

 ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ – «ҚЫЗЫЛОРДАСУШАР» ӨНДІРІСТІК УЧАСКЕСІНІҢ БАСШЫСЫ

//Аз суды өте ұқыпты пайдалануымыз қажет. Қалада 380 мыңдай халық бар. Қаланың аяқ суын қалдырмау мақсатында Оң жаға каналының бойында Қызылжарма каналы бар. Онда үнемі су болып тұрады. Басында шлюзі бар сол арқылы реттеліп отырады. Және оң жаға каналынан жібек жолы каналы алады. Оның басында 2 насос бар. Күнделікті екі насос су алып тұр. Енді дарияның бойында орналасқан насостар бар. Сарқырама каналы. Оған дариядағы судың деңгейінің кетуіне байланысты шамалы қиыншылық туып жатыр.

 Қазір қала орталығындағы Сарқырама каналына тіршілік нәрі тамбағанына айға жуықтады. Жауапты бөлім басшысы қанша қарекет жасағанмен дария деңгейінің төмендеуі қиындық тудырып отыр дейді.

 ДАРХАН БАҚТИЯРОВ – ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

/ Байсейітова көшесінің бойындағы «Сарқырама» каналына көктемнен бастап, шілденің аяғына дейін су беріліп тұрақты қамтамасыз етіп отырдық. Алайда дарияның суы күрт төмендеуіне байланысты мүмкін болмай отыр. Насостар дұрыс тарта алмай жатыр суды. Сол себепті мамандар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Дарияның келетін мойнын арнайы техникалар қазып жатыр. Жақын арада қайта калпына келтіріп су айдайтын боламыз.Бұл қаланың 30 пайызын қамтиды қалған 70 пайызы тұрақты қамтып отыр //

 Мамандар су шаруашылығында ұқып пен үнем болса ғана іс алға басатынын айтады. Сондықтан судың да сұрау бар екенін әр адам естен шығармауы керек!