#qyzylordatv
Тақырыпқа тұздық! «Келешек мектебінде» тәлім алатын оқушылар халықаралық FIRST LEGO League Asia Open Championship жарысынан олжалы оралды. Сырбойылық өрендердің су асты әлеміне қатысты жобасы жүйзден жүйрік шығып, арнайы жүлдеге қол жеткізді. Ғылыми-техникалық додада топ жарған таланттармен тілшіміз кездесіп қайтты.
«Көзінде оты бар балалар, аспандағы айды да әпереді. Сондықтан команданы «От-Ай» деп атағанды жөн көрдік» дейді тәлімгер Өтеміс Рахатов. Расымен, жаңалыққа құмар жас өрендер ел намысын байрақты бәсекеде абыроймен қорғады. Қытайдың Макао қаласында өткен дәстүрлі додада 30-дан аса елден 500-ден астам команда, 12 000-ға тарта оқушы бақ сынады.
АЙЗЕРЕ АЛЕУХАН – ОҚУШЫ /// Жарыс жақсы өтті. Топпен жұмыс істеген кезде ешқандай қиындықтар болмады. Бір бірімізге көмектесіп, бауырлар сияқты болып қалдық. Жарыстан керемет әсер алдым. Осы жасаған роботтарымды жүзеге асырғым келеді.
Жарысқа ел атынан «Келешек мектептерінде» тәлім алатын 9 команда қатысты. Барлығы да арнайы іріктеуден өткен. Сырбойылық өрендер LEGO Education негізіндегі роботтар құрастырып, су асты әлеміне қатысты зерттеуін көпшілік назарына ұсынды. Аталған жоба талайды таңдандырып, арнайы жүлдеге қол жеткізіп отыр.
АЛДИЯР АЙБЕРГЕН – ОҚУШЫ // Біз су асытын зерттеуге түрлі роботтар жасадық. Бұл бізде сүңгуір кемесі. Бұл бізде су асытын зерттеп, судың тереңдігіне қауіпсіз түсе алады. Ол арнайы қолы арқылы балдырларды жинайды. Сол арқылы дәрі дәрмек жасауға көмектеседі.
ӨТЕМІС РАХАТОВ - №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНІҢ ИНЖЕНЕР-БАҒДАРЛАМАШЫСЫ // Біз балаларды дайындау барысында өте қызықты болды. Оқушылар біраз нәрсені үйренді. Оқушыларға барлық жағынан ұнайды. Бұл оқушыларға ең маңыздысы бағыт-бағдарды дұрыс беру. Сол кезде оқушылар жақсы қызғады.
«Келешек мектебінде» мүмкіндік көп. Стем-кабинеттер, роботехника үйірмелері балалардың сүйікті ортасына айналған. Халықаралық додада жүлде алған оқушылар білімге салынған инвестицияның алғашқы қайтарымы десек болады.