#qyzylordatv
Спорт әлемінен және бір ақпар. «Астана» футбол клубы UEFA Конференция лигасындағы жорығын аяқтады. Елордалық топ турнирдің үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынында Швейцарияның «Лозаннасынан» жеңіліп қалды.
Бірінші таймда командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екеуінің де есеп ашатын мүмкіндігі болғанымен, таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Ал, матчтың екінші бөлігін швейцариялық клуб белсенді бастап, нәтижесінде ойынның 48-минутында есеп ашты. Голдың авторы Беятт Лекуэйри. Алаң иелері мұнымен тоқтап қалған жоқ. 66-минутта тағы бір гол салды. Бұл жолы Гассоу Диаките мергендігімен көзге түсті. Осылайша, «Астана» қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.