#qyzylordatv #абай180

Көршілес Түркістан өңірінен келген делегация №2 Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепке барып, ақын ескерткішіне гүл шоғын қойды.

 Қаламгерлерден құралған шығармашылық топ Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай рухани сапарға шыққан болатын. Еліміздің бірнеше өңірін аралаған делегация мүшелері Қызылордаға келіп, Абай ескерткішіне гүл шоғын қойды, ақын рухына тағым етті. Мектептегі Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған бұрышпен танысып, ерекше әсер алды.