#qyzylordatv
Қызылордада алғаш рет Қияр күні аталып өтті. Үй шаруасына икемді қыз-келіншектер дәмді мереке құрметіне тұздалған қиярдың он шақты банкасын жауып үлгеріпті.
Қала тұрғыны Ирина Махоринаның асханасында қиналмай қыстап шығуға болады. Шкафтың үстінде, жанында, ішкі сөрелерінде, тіпті керуеттің астында тәбетіңді ашатын банкілер самсап тұр. Соның ішінде тұздалған қытырлақ қиярды жеген де жемеген де арманда.
ИРИНА МАХОРИНА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ /азанмен бақшадан қиярды жина аласың да, тұздап тастайсың, Қызанақты да дәл солай. Аса қиналмаймын, асықпай, күндегісін күнделікті жабамын. Дәл осылай бір маусымда 1200 банканы жауып алдым. Туысқаным көп, қыста достарым келеді, барлығына жетеді/
Галина Финансова да көршісіне ұқсаған. Ауласында бау- бақша, жеміс ағаштары, жидектің түр-түрі бар. Ол үшін ең қызығы – құрбыларымен асарлатып банка жабу. Мұндай кезде еңбек қайнап, ән төгіледі.
ГАЛИНА ФИНАНСОВА –ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ / әжеміз де, анамыз да бесаспап болды. Олардан үйренгенімізді жалғастырып, міне қысқа қамданып жатырмыз. Өзіміз босада тұтынамыз ғой, қыста қонақтарымыз дән риза болады, ең бастысы да сол емес пе?Дастарханымыз мол, көңіл тоқ/
Осылайша «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы ашық аспан астында қияр күнін алғаш рет атап өтті. Викториналық ойындардан соң қатысушылар шеберлік сағатын ұйымдастырды, тәжірибе алмасты.
ГАЛИНА ЩЕРБАКОВА – «СЛАВЯНЕ» ҚОҒАМДЫҚ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ /үш мың жылдың тарихы бар қиярды мен бақша дақылы деп ойлайтынмын, негізі ол жеміс екен. Қиырды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады. Ал бір-біріне қолғабыс ету нағыз сыйластықтың белгісі.
Шынтауайтында бұл бірлікке шақыратын отбасылық үрдіс дейді кейіпкерлеріміз. Ал, отбасындағы шуақ – отанға қуат!