#qyzylordatv
Бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов және Пекин олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бүгін арнамызға келіп, арнайы сұхбат берді.
Сұхбат барысында былғары қолғап шеберлері Сыр өңірінде спорттың қарқынды дамып жатқанын тілге тиек етіп, жуырда ғана ашылған «Қызылорда бокс клубының» жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, аймақтың спорттық-инфраструктурасына оң бағасын берді.