#qyzylordatv

Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде белгіленген. Атаулы датаға орай Өнер орталығында облыс әкімінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға ел спортының дамуына айрықша үлес қосқан Олимпиада және Әлем чемпиондары арнайы қатысып, қызылордалықтардың ыстық ықыласына бөленді.