#qyzylordatv
Облыстық Әділет департаментінің ұйымдастыруымен адвокаттар алқасының ғимаратында ашық есік күні өтті. Конституцияның 30 жылдығына орайластырылған шарада кәсіби мамандар тұрғындарға құқықтық кеңес берді.
Ашық есік күніне заң кеңесшілері, мемлекеттік сот орындаушылары мен адвокаттар қатысты. Кәсіби мамандар қала тұрғындарының жеке мәселесін мұқият тыңдап, заң тұрғысынан тегін кеңес берді. Мұндай іс-шара ай сайын өткізіліп тұрады, дейді ұйымдастырушылар.