#qyzylordatv

Балаларын жетектеген ата-ана жаңа оқу жылына керекті киімдер мен құрал-жабдықтарын сатып алу қамымен базар жағалап жүр. Қатардан қалдырмай, керек-жарағынан тарықтырғысы келмейді. Ал, базар бағамы қандай? Тілшіміз айтсын.

ӘКІЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ \Жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Мектеп формасын, оқу құралдарын алып, баланы сабаққа дайындау керек. Жалпы, бір баланы бастан -аяқ киіндіріп, қажетті құралдармен қамтамасыз ету үшін қанша қаражат қажет? Базар бағасы қалтаға қолжетімді ма? Біз бүгін осы сұраққа жауап алу үшін базарға келдік\

Базар іші ығы-жығы. Халықтың қарасы қалың. Бірі мектеп формасын алса, енді бірі оқу құралдарын түгендеп, жаңа оқу жылына дайындалу үстінде. Әрине, дүкен аралап, қымбат киімдер алуға көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан тұрғындар өзіне қажетті заттарды арзан әрі жеңілдік болып жатқан жерлерден іздеп жүр. Өйткені, мектеп формасына, аяқ киіміне, оқуына қажетті құрал-жабдықтарға кететін қаржы әсіресе қазіргідей нарық қыспағында оңай емес.

 Тұрсын Әбдіраманқызының екі немересі мектеп жасында. Сондықтан ол кішкенатайларды ертіп, базарға келіпті. Қала тұрғыны сабаққа қажетті оқу құралдарының сапасына мән беремін. Өйткені арзан дүниелер тез тозып қалады,- дейді.

ТҰРСЫН ӘБДІРАМАНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ \Өзіміздің талабымызға сай қажетті заттарымызды немерелерімізге алып жатырмыз. Бұрын үлкендерін әкелуші едім, қазір кішкене немерелерім оқу жасында. Соған сапалы, дұрыс деген заттарымызды таңдап жатырмыз.. Бір балаға 7-8 мыңға алуға болады ау деймін. Әлі алып жатырмыз біз \

 Базардағы баға сан түрлі. Арзаны да, қымбаты да бар. Қалтаңызға қарап таңдай беріңіз. Мәселен, шалбар мен жейді 4 мың теңгеден 12 мыңға дейін сатылса, сөмкені жеңілдікпен 3 мың теңге алуға болады екен.

 ЖАДЫРА ТЛЕМІСОВА, САТУШЫ \Талғат базарында сумкаларымыз 3 мың теңгеден басталады қымбаты 7 мыңға дейін. Сосын бір балаға мынау сумканы полный дайындау ручкасы бар, кітап қабы бар бәрі 7-10мың аралығында. Көпбалалы аналарға да көмектесеміз жылда. Ол енді жарияға жар салатын нәрсе емес\

Сонымен, бір баланы мектепке дайындау үшін кем дегенде 50-60 мың теңге ақша қажет екен. Бұл базарда жүріп көргеніміз.