#qyzylordatv
Әбілтаевтар да «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде бақ сынауда. Ұлағатты ұрпақ өсіріп, көпке үлгі болып отырған әулеттің тыныс-тіршілігімен тілшіміз танысып келді.
«Мерейлі отбасы» – отбасы құндылығын дәріптеп, өнегелі, үлгілі жанұяларды елге таныту мақсатында қолға алынған бірегей жоба. Ұлттық байқауға Әбілтаевтар отбасы Қармақшы ауданының атынан қатысып жатыр. Жиырмаға жуық жанұяның арасынан үздік деп танылған бұл шаңырақтың іргесі берік, тамыры тереңде. Әулеттің ақсақалы Әбілтай Созақбаев Жаңажол совхозы жаңадан құрылып, іргетасы қаланған кезде үй салып, құрылыс жұмыстарына атсалысқан.
ИСА СОЗАҚБАЕВ, Ә.СОЗАҚБАЕВТЫҢ ҰЛЫ \1964 жылы Жаңақала совхозы болып ашылған кезде сонда барып, еңбек етті. Халықтың орнығуына үлкен жұмыстар атқарды әке-шешеміз. Менің әкем үйлердің пешін, терезесін салатын еді. Ағаш ұстасы тұғын. Балдарымызда, інілермізде сол салада істеп жатыр. .... \
Тілші: Әбілтайдан тараған 10 бала бүгінде еліміздің әр өңірінде қызметте. Түрлі салада жұмыс істеп, еліміздің дамуына үлес қосып жүр.
МАРАЛ СОЗАҚБАЕВА, Ә.СОЗАҚБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ \әке-шешемізден алған тәлім тәрбиені өзіміздің балаларымызға сіңіріп, балаларымызда биіктен көрініп жатыр. ....\
Әкеден - өсиет, анадан – қасиет алып өскен ұл мен қыздың ұрпағы да өнегелі. Бірі білім бәсекесінде топ жарса, енді бірі спортта үздік атанып жүр. Мәселен, Әбілтай қарияның немересі Нұршат қазақ күресінен Қазақстанның бес дүркін жеңімпазы атанса, Назерке белбеу күресінен Азия, Әлем чемпионаттарында жеңіс тұғырынан көрінген. Міне, жас балуандарды баптаған, салт-дәстүрді сақтаған қармақшылық Әбілтаевтар отбасы енді байқаудың облыстық кезеңінен өтіп, республикада топ жаруды көздеп отыр.