#qyzylordatv
Астанада таэквондодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында халықаралық рейтингілік турнир өтіп жатыр. Байрақты бәсекенің алғашқы жарыс күнінде аймақ спортшылары қоржынға 1 медаль салды.
Ересектер арасында 54 келіде сайысқа түскен жерлесіміз Теміржан Тасқын турнирдің кіші финалына дейін жетіп, қола жүлдегер атанды. Ертең жарыс жолына жастар мен жасөспірімдер шығады. Ал, ересектер арасындағы сайыс қорытындысымен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады. Тунис командасы екінші, Түркия құрамасы үшінші орынға жайғасты. Айта кетейік, Елорда төрінде 22 елдің спортшылары 16 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп жатыр.