#qyzylordatv

Үкімет отандық кәсіпорындарды қолдау үшін сатып алудың жаңа жолдарын енгізіп жатыр. Енді ұзақмерзімді келісімшарттар мен оффтейк-келісімдер кеңінен қолданылады.

 Мемлекеттік сатып алу ісінде шетелдік тауарларға қойылған шектеулер күшейеді. 5 мыңға жуық тауар түрін ұлттық режимнен шығару көзделген. 2025 жылдың алғашқы алты айында 333,4 млрд теңгеге 106 мыңнан астам келісімшарт жасалыпты. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Бұдан бөлек, отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізімі әзірленіп жатыр. Жаңа жүйе арқылы нағыз отандық компаниялар мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, сатып алуларға басымдықпен қатыса алады.

ЕРСАЙЫН НАҒАСПАЕВ - ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ

//Соңғы 7 айда өңдеу секторы 6,1 пайызға өсіп, 16,2 трлн теңгеге өнім шығарылды. Сонымен бірге саланың экономикадағы үлесі 14 пайызға дейін артты. Мұндай нәтижеге индустиряландыру саясатының арқасында қол жеткізіп отырмыз. Қазірде әр түрлі бағдарламалар шеңберінде кәсіпорындарға мемлекеттен 3 түрлі қолдау алуға мүмкіндік берілген.//