#qyzylordatv

Оқу жылы жақындаған сайын мектепке қажетті оқу құралдарының сан түрі сатылымға шығады. Ал оның сапалы әрі бағасы қалтаға қонымдысын таңдау ата-ана үшін оңай емес. Осындай сәтте жергілікті «Татыран» компаниясы жыл сайын мектеп жәрмеңкесін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

 Биыл «Татыран» компаниясының құрылғанына - 20 жыл. Осыған орай қалада тағы бір сауда нүктесі ашылды. Ерекшелігі сол, мұнда тек оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен кеңсе тауарлары сатылады. Қала тұрғыны Анар Егізбаева қос қызын жаңа оқу жылына дайындап жүр. Бірнеше сауда үйін аралап, осында тоқтаған. Оқушылар да өздері қалаған құралдарын таңдап алуда.

 Қалтаға қонымды баға, жоғары сапа. Жыл сайын оқу маусымы қарсаңында «Татыран» сауда үйі осы ұстанымды негізге алып, мектеп жәрмеңкесін өткізеді. Және оған қоса нарық бағасынан 30 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Мұнда тауарлар Қытай, Ресей және Еуропа елдерінен тікелей жеткізіледі. Сондықтан сапа басты назарда. Онымен қоса компания қызмет көрсету сапасын да жүйелі жолға қойған. Айта кетейік, мектеп жәрмеңкесі маусымдық емес. Жаңа нысан ескі базар аумағындағы «Аль-Асад» сауда үйінің маңында орналасқан.