#qyzylordatv #заңментәртіп

№60-шы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға телефон жеткізбек болған тұрғын ұсталды.

Ыстық палау мен картоп салынған ыдысты тексеру кезінде үш бірдей телефон табылған. Байланыс құралы мұқият фольга қағазына оралған екен. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабына сәйкес іс-құжаттар рәсімделіп жатыр.